Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық финалға шықты
Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық финалға шықты
Фото: kfb.kz
513
оқылды
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар Дулат Бекбауов пен Нұрқанат Райыс финалға жолдама алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен шеберлік байқасты. Аса қызу өткен жекпе-жекте боксшылар аянбай айқасты. Тіпті, Дулаттың қасы да жарылды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс (75 келі) ирандық Сейедшахин Мусавимен жұдырықтасты. Бірінші раундта төрешілер ирандық боксшы басым деп тапты. Екінші кезеңде Нұрқанат серпіліс танытты. Қорытынды есеп – 3:0, Н.Райыстың пайдасында. Осылайша, тағы екі боксшымыз финалға өтті.