Өңірдегі ілкімді істер
Өңірдегі ілкімді істер
461
оқылды
Редакцияның тапсырмасы бо­йынша Шығыс Қазақстан об­лы­сының Глубокое ауданында бо­лып, тұрғындардың қал-жағ­да­йын біліп, сөйлесіп қайттық. Ауданның табиғаты бай және ерекше. Бұл жерлердің айрықша көрінісі – ғасырлық Тайга орманымен көмкерілген биік Алтай таулары, ағаштар, таза ауа, қорықтар. Мұндағы өмір бір орында тұрмайды, аудан қарқынды дамып келеді. Өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі, кенттер мен ауылдар дамып, ауыл тұр­ғындарына қолайлы жағдайлар жасалып келеді.
– Бүгін біз өзімізге берілген байлықты сақтап қалуға тырысудамыз және ау­данның әлеуметтік-экономикалық да­муына барынша көңіл бөлудеміз, – дейді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Ту­ма­шинов. – Біздің ортақ міндетіміз – аза­маттардың барлық сындарлы сұра­ныс­тарына жедел және тиімді жауап бе­ретін «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасын іске асыру, сондықтан біз өз жұмысымызды аза­мат­тармен кез­десулерде, әлеуметтік же­лі­лерде және қабылдауларда айтылған сұрақтары мен ұсыныстары негізінде атқарудамыз.
Дәл осы ұсыныстар жергілікті ат­қарушы органдардың 2022 жылғы жұ­мысының негізі болды. Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудандық маңызы бар «Глубокое – Бе­лоусовка» – 7,3 км, «Предгорное – Верх­неберезовский» – 5,1 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді, 8 елді мекеннің көшелеріне орташа жөн­деу, 10 елді мекеннің көшелеріне ағым­дағы жөндеу (қиыршық тас төгу, шұң­қырлы жерлерді жөндеу) және Черем­шанка ауылындағы үш жаяу жүргіншілер көпіріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Белоусовка кентінде екі көпір салынды, 4 елді мекенде 1 400 жарық нүктесі ор­натылды және 15 елді мекенде көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Каменный Карьер ауылында халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін блок-модульдік станция орнатылды, оны баптау жүргізілуде. Кожохово, Опытное поле және Секисовка ауылдарындағы қолданыстағы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. Ауылдарды абаттандыру бағдарла­масы аясында екі балалар спорт алаңы, 16 балалар алаңы, бір спорт алаңы-воркаут, жағажай волейболына арналған екі алаң салынды. Черемшанка ауылында хоккей-фут­бол алаңына ағымдағы жөндеу жүргізіл­ді. «Менің аулам» жобасын іске асыру басталды. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2021-2022 жылдары 40 отбасы осы бағдарлама бойынша баспана алды. «Дипломмен ауылға!» бойынша кө­терме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беріліп отыр. Ағымдағы жылы барлығы 31 ауыл­дық елді мекенде әлеуметтік және ин­женерлік инфрақұрылым объектіле­рін салу, ре­конструкциялау, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қолданыстағы даму жоспарлары шең­берінде барлық деңгейдегі бюджет­тер есебінен 120-дан астам жобаны іске асыруға 2,9 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. «Отбасы банк» АҚ салымшылары болып табылатын жергілікті атқарушы органның кезекте тұрғандары үшін 60 пәтерлі әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға беру 2023 жылы жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлеріне арнал­ған 20 үй салынады. Глубокое кентінде жаңа жылыту мау­сымына дайындық аясында облыстық бюджет қаражаты есебінен 143,4 млн теңгеге қолданыстағы қазандыққа жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, 23 мың тонна көмір сатып алынды. Ауыл шаруашылығын дамытуға ке­летін болсақ, ағымдағы жылы жалпы егін жинау алаңы 103,8 мың гектарды құрайды. Глубокое ауданының табысты сала­ларының бірі – агроөнеркәсіптік кешен. Сондықтан ауыл шаруашылығы тек аудан ғана емес, ел экономикасының драйвері болып табылады. Биыл аграршылар орташа өнімділігі 25,8 ц/га болатын 61,7 мың гектар дәнді және бұршақты дақылдар жинады. Дәнді және дәнді-бұршақты дақыл­дарды жалпы жинау болжамы 159,6 мың тоннаны құрайды. Жаңа егін жинау үшін аудан ша­руа­шылықтарында әртүрлі қуаттылықтағы 29 механикаландырылған ток бар.

М.ХАҚНАЗАР