Бүгін Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына барды.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.