Ақмола облысының Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ақмола облысының Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды
© aqmeshit-aptalygy.kz
408
оқылды
Ақмола облысына қарасты Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2022 жылғы 10 қарашадағы № 10 хаттамасы негізінде Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», – делінген шешімде.
Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сай, 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған. Оған Астана қаласындағы 2-жылу электр орталығында тіркелген апат себеп болған.
«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды. 9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», – деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметі.