Ғашықтар ескерткіші – аймақ бренді
Ғашықтар ескерткіші – аймақ бренді
604
оқылды
Абай облысында алдағы уақытта туризмге баса на­зар аударылатын болады. Бұл туралы Абай облы­сының әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.
«Біздің өңірде қайда демалуға болады және не көруге болады? Бұл Алакөл ғана емес, Бесқарағай ауданындағы Шошқалы бар, Ең­лік-Кебек, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіштері бар. Қазақ халқындағы ұлы махаббат хикаясы арқау болған ғашықтар кешені – біздің өңірде. Неліктен 15 сәуірде Қазақстанда Ғашықтар мерекесі тойланып жатқанда, бұл ескерткіштерде ғашықтар, не­кеге тұрғандар мен жас жұбайлар үшін мереке немесе фестиваль ұйымдастырмасқа? Бұл біздің бренд болуы мүмкін. Ойкұдықта жас әртістер мен музыканттар арасында фестивальдар өткізуге болады. Бұл да есте қаларлық орын: мұнда Мұхтар Әуезов алғашқы қойылымын өткізді. Тарбағатай Елеке сазының ке­ремет қорғандары бар, Үржарда көптеген қорған бар, мысал ре­тінде әйгілі «Үржар ханшайы­мын» айтуға болады. Басқа ау­дандарда да көрсететін дүние көп – мұның бәрі туристерге қы­зық­ты болады деп ойлаймын», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ көтерілген проб­лемалар қатарында ЖЭО, мек­теп­тер мен ауруханалардың құ­ры­лысы, инфрақұрылым, өңір эко­но­микасына серпін беретін Ая­гөз – Тэчен халықаралық те­мір­жол құрылысы, Семей қа­ла­сы­ның бас жоспары, өлкетану мәсе­лелері болды.

Б.ИКРАМОВА