Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ
15 адам эвакуацияланды: Алматыдағы кафеде өрт шықты
фото: www.istockphoto.com
255
оқылды

28 тамыз, кешке Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан кафеде түтін шыққаны туралы «112» қызметіне хабарлама түскен, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жеткен.

Құтқарушылар бір қабатты, екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған кафенің ас үйіндегі төбе жабындысы мен сөрелердің жанғанын анықтаған. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды.

Эвакуацияланған 15 адамның барлығы осы үйдің тұрғыны. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.