Электоралдық белсенділік – азаматтық бірегейлік факторы
Электоралдық белсенділік – азаматтық бірегейлік факторы
905
оқылды
Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» тақырыбында жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. «АМАNАТ» партиясының Қо­ғамдық саясат институты, АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырған шара офф­лайн форматпен қатар онлайн режимде де жүрді. Оған респуб­ликамыздың түкпір-түкпірінен отандық және шетелдік сарапшылар қосылды. Ал университеттің бас кампусындағы Ғылыми кеңестің мәжіліс залында «AMANAT» пар­тия­сының хатшысы Дәулет Кә­рібек, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, ҚХА Төрағасы орынбасары Марат Әзілханов, уни­верситет ректоры Ерлан Сыдықов сәлем сөз сөйлеп, Президент жа­нындағы ҚСЗИ, М.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей), Сан Пабло CEU университеті (Испания), «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы, Қазақстан халқы Ассам­блеясы қызметкерлері мен из­раильдік құқық қорғаушы баяндама жасады. Өз сөзінде «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кә­рібек дауыс берушілердің элек­то­ралдық белсенділігін арттыру ма­ңыздылығына тоқтала кетті.
«Дамыған және еркін азаматтық қоғам – тиімді мемлекеттік инс­ти­туттар жүйесінің, сындарлы қоғам­ның және елдегі заңдылық пен тәртіптің қалыптасуының кепілі. Әрі біздің осы мемлекетіміздің әрі қарай дамуының өзегі болмақ. Бүгінде мемлекеттік билік қоғам­ның жеке азаматтық және саяси пікірін білдіру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту үстінде. Өздеріңіз білесіздер, ол қазір еліміздің мем­лекеттік басқару жүйесі ең маңызды трансформация кезеңінен өтуде. Ол – саяси реформалар пакеті институционалдық қайта құруға бағытталған жаңа бастамалар және үздіксіз сайлау жүйесі. Бұл қадамдар біздің еліміздің, жалпы әділет­ті­лігіміздің негізіне айналмақ. Мә­селен, жергілікті әкімдерді сайлау, яки ауыл әкімдерін сайлау үрдісіне көштік. Мұның өзі – осы азаматтық бірегейлікті сақтаудағы алғы­шарт­тардың негізі. Одан бөлек, про­пор­ционалды, мажоритарлық сай­лау­дың енгізіліп жатқаны да осы бі­регейлікті одан сайын нығайта тү­сетін болады», – деді Дәулет Жа­мау­байұлы.
Сондай-ақ өз сөзінде Партия хатшысы көппартиялық мүмкін­діктер, мемлекет пен қоғам ара­сындағы дәнекер күшке ие плат­формалар туралы тоқтала келіп, қоғамдағы түрлі көзқарасты ортақ мүддеге жұмылдыра алатын негізгі қадамдарға назар аудартты. Соның бірі – Ұлттық құрылтай. Жаңа ре­формалардың арқасында халықтың саяси мәдениеті де арта түсетін бо­лады. Оның ажырамас бір бөл­шегі – электоралды белсенділік. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтану ғылымда­ры­ның кандидаты Юлия Кучинская электоралды кезеңнің мүмкін­дік­терін қолайлы пайдалану жайын айтты.
«Бүгінде әлемде де, біздің қо­ғамда да өтіп жатқан оқиғалар ғы­лыми түрде зерделеуді талап етеді. Оларды терең талдап түсін­генде ғана біз алдағы күнге қателеспей болжам жасап, шешімдер қабыл­дайтын боламыз. Соның ішінде электоралды процестердің де ала­тын орны ерекше. Әсіресе, элек­торалдық циклдардың сақталуы азаматтық қоғамның нығая түсуіне сеп болмақ. Мұндай мүмкіндікті дұрыс пайдалана білген маңызды. Өйткені кез келген мемлекетте сай­лау дегеніміз – үлкен маңызға ие кезең. Бұл жолы да біз түбегейлі өзгерістерге ие сондай кезеңнен өтудеміз. Осы ерекшелігі электо­рал­ды белсенділіктің азаматтық бірегейліктегі маңыздығын еселеп отыр. Сондықтан да біз оны ба­рынша игілікті мақсатта пайда­ла­нып қалуымыз керек», – деді ол. Жиында одан да өзге көптеген түйінді ой, тұжырымды пікірлер айтылды. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов Президент сайлауын өткізу елдің болашағы үшін қажет екенін айтты. «Прези­дент сайлауы – тұрақтылық пен өз елінің тағдырына араласу таңдауы. Әділ сайлаусыз демократия бол­майды. Бұл Ұлы дала заманынан келе жатқан дәстүр. Тарихтан «ақ киізге көтеріп хан сайлаған» за­мандарды білеміз. Ендеше сайлау дәстүрі Қазақстанда кеше-бүгін пайда болған жоқ. Солардың қай­сысында да әділеттілікті ту ет­кен», – деді ол.
Баяндамашылар арасында да электоралды процестердің маңыз­дылығына дәл баға беріп, оның Қазақстандағы ерекшелігін жоғары бағалағандары көп болды. Солар­дың ішінде халықтың белсенділігі, Жаңа Қазақстандағы жаңғыру, халықаралық тәжірибе мен баға жайы сөз етілді.
«Елімізде жастардың электо­ралдық белсенділігі артып келеді. Оны мен үш әлеуметтік саяси зерт­теулерге сүйеніп жасап отырмын. Мысалы, 2019 жылы елімізде жас­тардың сайлауға келу үлесі 30%-дан астамды құрады. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты ол төмен­деп кетті. 2021 жылы өткен Парла­мент сайлауында 26-27%-ға жетті. Бұл қалай дегенде де бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда біраз артқаны. Мысалы, Еуропа елдері­мен салыстыратын болсақ, ол жақ­та бұл көрсеткіш ең төмен дегенде 38%-ды құрайды. Айталық, Ұлы­британияда 2015 жылы сайлауда жастардың үлесі осындай болған болса, 2016 жылы өткен BREXIT кезінде бұл көрсеткіш 56%-ға жет­ті. Франция, Германия елдерінде бұл үлес 60-70%-ға дейін барады. Сон­дықтан да түрлі шараларды қол­да­нып халықтың, соның ішінде жас­тардың белсенділігін арттыру ке­рек», – дейді «АМАНАТ» пар­тиясы Қоғамдық саясат институты дирек­торының орынбасары Ди­нара Са­дуақасова. Сарапшының айтуын­ша, электронды дауыс беру тәсілін, праймериз әдісін, әлеу­меттік же­лілерді пайдалана оты­рып, жас­тардың электоралды бел­сенділігін арттыруға болады екен. Одан бөлек, мектепте жүр­генде-ақ сайлау заң­ды­лықтарын оқытып, мектеп «пре­зидентін» сай­лау сияқты тәжірибені жан­дан­дыра түсу керек.
Іс-шараның соңында сайлау үрдістері мен азаматтық бірегейлік мәселелері талқыланып, конфе­рен­цияға қатысушылар сайлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін көрсететін қарар қабылдады.