Жетісу «Жедел жәрдеммен» 100 пайыз қамтылды
Жетісу «Жедел жәрдеммен» 100 пайыз қамтылды
351
оқылды
Талдықорғандағы «Жастар» саябағына облыстың барлық өңірінен жиналған адам жанының араша­шылары бұл күні үлкен қуанышқа кенелді. Денсаулық сақтау саласындағы шұғыл да ең жауапты қызмет – жедел жәрдем стансасындағылардың адымы ашы­лып, жабдықталуы жақсарды. Нақтырақ айтқанда, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Иса­баев қатысқан салтанатты жиын­да облыстық жедел жәрдем стансасы орталығының дирек­торы Савелий Пакқа 40 жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілті тапсырылды. Өткен жылы сатып алынған 35 санитарлық авто­машинаны есепке алсақ, станса­ның арнайы көлікпен қамтама­сыз етілуі 100%-ға, ал халық санына шаққандағы бригада­ларының саны 75-ке жетіп отыр. Жалпы, ел көлемінде 10 мың адамға 1 бригада деп есептеледі, ал облыстағы халық санының 667 мың адам екенін ескерсек, бригада саны тиісті мөлшерден асып отыр. Жедел жәрдем көліктері бар­лық қажетті құралдармен, атап айтқанда, өкпені жасанды жел­дететін Wienman аппараттары, дистанциялық электро­кардио­граф, Corpuls дефибрилляторы, Accuvac pro Wienman электр аспираторы, омыртқаны қоз­ғалт­пай ұстауға арналған дип-панель, реанимацияға арналған орын, оттегі баллондары, паци­ент­ті тасымалдау кезінде пайда­ла­нылатын арнайы төсек, жұм­сақ зембілдермен жабдықталған. жедел жәрдем Сонымен қатар ауылдық меди­циналық пункттер мен амбула­ториялар үшін 13 арнайы машина алу қарастырылып, оның 8-і аудандарға бүгінге дейін беріліпті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жедел жәрдем паркін жаңарту ел Пре­зидентінің медициналық, әсіресе ауылдық жерлердегі халыққа көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі тапсырма­сына сәйкес жүргізіліп жатқа­нын атап өтті.
– Биыл мемлекет қолдауы­ның арқасында облыстың алты ауданындағы ауылдарында 12 блокты-модульді медициналық кешен салынады. 2024 жылға дейін мұндай нысандар өңірдің тағы 40 ауылында тұрғызылады. 2023 жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде тағы 59 нысан қолға алынады. Санитарлық авто­көліктерді жаңарту да медицина­лық көмек көрсету сапасын арт­тыру­ға елеулі ықпал етеді. Былтыр 35 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды, бүгін тағы 40 санитарлық көлік бері­леді. Осының арқасында пациент­терге жедел жәрдемнің жету уақыты қысқарып, алғаш­қы көмекті дер кезінде көрсету мүмкіндігі арта түседі деп ойлай­мын. Халықтың өмірі мен ден­сау­лығын сақтау қашанда негізгі басымдық болып қала береді, – деді облыс басшысы.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджет­тен Ақсу және Кербұлақ аудан­дарындағы ауруханаларды, об­лыс­тық балалар ауруханасын күр­делі жөндеуге, сондай-ақ Тал­ды­қорған қаласындағы он­ко­логиялық диспансердің ма­териал­дық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінеді. Тал­дықорғанда әуел баста об­лыс­тық сотқа арнап салына бас­та­ған ғимаратқа өңірлік кардио­хирургиялық орталықты орна­лас­тыру туралы ұсыныс та қол­дау тапты. Сондай-ақ Панфилов ауданындағы көпсалалы ауру­хана күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықтармен қамты­лады. Келер жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы ая­сын­да Жетісу облысында өңір­дің ауылдық елді мекендерінде 59 нысан салынады, оның 15-і дәрігерлік амбулатория, 39-ы ФАП, 5-еуі медициналық пункт болмақ.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы