"Ассалаумағалейкум қазақстандықтар! Бүгінгі жекпе-жегімде жеңіліс тауып, екінші орынға Алланың қалауымен қол жеткіздік. Дегенмен қателіктер болды. Оны мойындаймын. Кездесуде барымды салдым. Бапкерлердің тактикасын дұрыс орындай алмадым. Бұл қателік алдағы жарыстарда өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Хасанбай Досматов екеуміздің арамыздағы жекпе-жектер бойынша есеп бірде-бір болды. Ташкенттегі әлем біріншілігіне тыңғылықты дайындаламын. Сонда кеткен есені қайтарамын. Қазақстанның Әнұранын шырқатып, көк Туын қалықтататын боламын. Мықты болып ораламын. Уәде беремін. Ол үшін аянбай еңбек ететін боламыз", - деді Сәкен Бибосынов.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!