Ыстанбұлдың орталығындағы жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болды
Ыстанбұлдың орталығындағы жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болды
348
оқылды

Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Қала губернаторы Али Йерликая мәлім еткеніндей, зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:20-да Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар, қауіпсіздік күштері мен AFAD бригадалары дереу жөнелтілді. Құрбандар мен зардап шеккендер бар. Қосымша ақпарат тағы жарияланады», – деп жазды Ыстанбұл губернаторы Али Йерликая Twitter-де.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Жарақат алғандардың бірқатары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Полиция қауіпсіздік шараларын қабылдап, көшедегі жаяу жолаушылар мен көлік қозғалысын тоқтатты. Сонымен қатар, «Таксим» мешіті жабылды. Аумаққа әуеден тікұшақ арқылы бақылау жүргізіліп отыр.