Астанада жастар арасында волейболдан турнир өтті
Астанада жастар арасында волейболдан турнир өтті
472
оқылды
Астанада жастарды ынталандыру мақсатында қатарластарының арасында волейболдан турнир өтті. «NS Жас Жігер» жобасы аясында волейболдан өткен турнирге NEET өкілдері, яғни оқып жүрмеген және тұрақты табысы жоқ жастар қатысты. Бұл жайында Астана қалалық әкімдігі хабарлады. Бүгінгі турнир NEET санатындағы жандарға, яғни әртүрлі жағдайларға байланысты оқи алмаған не болмаса жұмысқа тұрмаған, тұрақты табысы жоқ жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. «NS Жас Жігер» жобасының басты мақсаты — жастарды ынталандыру, өзін-өзі дамытуға шақыру. Астана — Бұл турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын. Қажетті білім алып, маман иесі атанбасаң, қоғамда табысты қызметке тұру қиын екені бәріне мәлім. Соның салдарынан іштей қымсылып, тысылатынымыз да бар. Бірақ бүгін шараның арқасында өзімді үлкен және қызықты дүниенің бір бөлігі ретінде сезіндім. Осында сезімде сыйлағаны үшін турнир ұйымдастырушыларына алғысым шексіз», — деді қатысушылардың бірі Николай Назаренко. Турнир қорытындысы бойынша 40 шақты адам ақшалай сыйлық және сертификатпен марапатталды. Ал жеңімпаздарға марапатты табыстаған елімізге белгілі тұлғалар, яки қазақ Гиннестің рекордтар кітабына енген және төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульников, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері Темір Спатаев және Street Workout Kazakhstan негізін қалаушы Айтым Жақыпов болды. Астана Еске салсақ, «NS Жас Жігер» жобасы аясында биыл жыл соңына дейін NEET санатында жастар арасындағы футбол турнирі өткізілмек. Сонымен қатар, алдағы уақытта өмірлік қиын жағдайдағы жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мектептерде әлеуметтанушылар мен психологтардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары өткізулі жоспарланған.