Жигули Дайрабаев Семей халқымен кездесу өткізді
Жигули Дайрабаев Семей халқымен кездесу өткізді
261
оқылды
Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында Семей халқымен кездесті. Бұл туралы өңірлік штаб басшысы мәлімдеді. Тұрғындармен болған кездесуде «Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелерді талқылады. Серік Байғалиев өңірде 200 мың гектардан астам жер игерілмей тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар кандидат партияластарымен бірге қазақтың ұлы ақыны Абай, белгілі жазушы Мұхтар Әуезов пен ғалым Қайым Мұхамедхановтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Партиялықтар ядролық сынақ құрбандарын да еске алды
«Сайлауалды штабтың жұмысы бойынша өте үлкен жұмыс атқарылды. Әр ауданда жұмыс істеп жатқан белсенділеріміз де бар. Курчатов қаласында тағы бір штаб бар және әр ауданда үгіт-насихатпен айналысатын, күн сайын халықпен, кәсіпорындармен кездесіп, кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін топ ашылған» - деп түсіндірді өңірлік штаб басшысы Серік Байғалиев.