Синоптиктер 8 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер 8 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
475
оқылды
8 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстікте, таулы аудандарда және тау бөктерінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с, өңірдің батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Қызылордада батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен сел соғады. Өскеменде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстігінде көктайғақ орын алады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан жел соғады, таулы аудандардағы екпіні 23-28 м/с құрайды. Шымкентте таңертең және түстен кейін қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, боран болады, жолдарда қар борау қаупі жоғары. Облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 17-22 м/с, облыстың солтүстік шығысында 28 м/с құрайды. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде солтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.