Жүк көлігі жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне тіреліп қалды (видео)

Жүк көлігі жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне тіреліп қалды (видео)

Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің астынан өте алмады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

Оқиға бүгін сағат 14:50-де Рысқұлов даңғылы бойында болды. «Тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткеліне соғылады. Көпірге зақым келді. Жетісу аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Алматыда 600-ге жуық жол белгісінің талапқа сай келмейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.