Алматыда көшедегі 600-ге жуық жол белгісі тексерілді
Алматыда көшедегі 600-ге жуық жол белгісі тексерілді
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Алматы көшелеріндегі жол белгілерін тексерді. Олардың талапқа сай болуын, дұрыс орнатылуын жыл бойы тексеріп отырады. Жақында өткен кезекті тексерулердің бірінде орталық қызметкерлері талапқа сай емес бірнеше жол белгісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі «Жол активтері ұлттық сапа орталығының»  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандар қала көшелеріндегі жол белгілерін жыл басынан бері тұрақты түрде тексеру жүргізіп тұрады.  Мұндай тексерулердің  мегаполистегі жол қауіпсіздігі мен түрлі  жол-көлік оқиғаларының  алдын алу үшін маңызы өте зор. Зертхана инженерлері әрбір тексеріс кезінде арнайы құрылғылармен жол бойындағы түрлі белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың орналасу  биіктігі мен дұрыс орнатылуын қадағалайды.    width= «Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы 600-ге жуық жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріс кезінде жарық қайтару көрсеткіштері бекітілген  Мемлекеттік стандартқа  сай емес бірнеше  белгіні анықтады» делінген   баспасөз хабарламасында. Мәселен, «Думан» ықшамауданында «Жол» ЖШС «Магистраль» жеке кәсіпкерлігі әзірлеген жол белгілерін орнатқан. Тексеру барысында аталған жеке кәсіпкер дайындаған белгілерден бірнеше кемшіліктер анықталды. Қазіргі таңда олқылықтарды түзету туралы хаттама толтырылды.  Ары қарай мердігер мен жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады. ЖАҰСО Алматы филиалының инженері Айдар Бейсбековтің айтуынша, жыл соңына дейін  қаладағы осындай 1500 жол белгісі тексеріледі. Ең жиі кездесетін кемшілік – жарық қайтару коэффициенті дұрыс емес, яғни орнату биіктігі талапқа сай емес. Айта кетейік, орталықтың бақылауында Алматы  3000 шақырымнан асатын жол бар.

Алматы