Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 632 миллионнан асты – ДДСҰ
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 632 миллионнан асты – ДДСҰ
Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 632 953 782-ге жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері мәлімдеді. 16 қараша Орталық Еуропа уақытымен сағат 18.45-тегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырып, тіркелгендер саны  216 738-ге артып, жалпы саны 632 953 782 адамға жетті. Пандемиядан көз жұмғандар саны бір тәулікте 584-ке дейін көбейіп, жалпы саны 6 593 715 адамды құрады.