Қарттар қамқорлыққа дән риза
Қарттар қамқорлыққа дән риза
Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі қазақ хал­қын­да үлкен маңызға ие. Сана­лы ғұмырын елге қызмет етуге арнап, тынымсыз әрі қажырлы еңбекпен мемле­кетіміздің нығаюына атсалыс­қан алдыңғы буын ата-әже­лері­мізге қанша құрмет көр­сетсек де артықтық етпейді. Қарт адамдарға ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Әр азаматтың қартайған кезін­дегі өмірін лайықты ету – мем­лекетіміздің әлеуметтік саясаты­ның басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне маңызды өзгерістер енгізіп, халықты әлеуметтік қорғау ісін жетілдіру қажеттігіне тоқталған болатын. Шымкентте қазір 86 мыңға жуық зейнеткер болса, оның 4-еуі – ҰОС ардагері. 54 569 көпбалалы ананың 11 389-ы, алтын, күміс алқа иегері. Ардагерлер санатына, кезегіне қарай санаторлық-емдеуге жіберіліп тұрады. Сондай-ақ мәслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету үшін қазірге дейін 4 санатор­лық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісімшарттар түзілген. Үшінші мегаполисте қарт адам­дарға қолдау көрсету мақсатында бірнеше орталық жұмыс істейді. Қаладағы 4 ауданның үшеуінде қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылған. Егде жастағы өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға және зейнет жасына жеткен азаматтарға, сонымен қатар зейнет жасына жет­кен қарттарға жартылай стационар­лық жағдайда қызмет көрсету мақсатында құрылған орталықта қарияларымыз бос уақытын өткізіп, әңгімелесіп, араласуына жағдай жасалған. Мұнда әлеу­меттік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, құқықтық және өзге де қызметтер көрсетіледі. Орта­лық қызметкерлерінің негізгі міндеттері – мәдени демалыс және оқытуды ұйымдастыру, дәрілік емес сипаттағы сауықтыру шара­ларын ұсыну, азаматтардың бел­сенді өмір салтын қолдау, әлеу­меттік-мәдени және рухани қажет­тіліктерді қанағаттандыруға бағыт­талған көркемөнерпаздар үйірме­лерін ұйымдастыру, мүмкін бола­тын еңбек қызметіне тарту. қарттар Орталықтың бірінші бөлімшесі Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 36 мекенжайында орналасқан. Ал екіншісі осыдан тура бір жыл бұ­рын ашылған Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 160 мекенжайын­дағы бөлімше. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қыз­меттер және өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты қарттарға 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда әлеуметтік-сауықтыру қызмет түрлері көрсетіледі. Қаратау ауданы, 194 квартал, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан үшінші бөлімше жартылай стационарлық жағдайда қабылдауға арналған. Мұндағы қызметкерлер тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында қарт­тарға екі ауысым бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда жоғары дәрежелі терапевт, невропатолог, инемен емдеу дәрігері тексеру жүргізеді. Одан бөлек, қазыналы қарттары­мыз бильярд, теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, денешынықтыру бөлмелерінде қызығушы­лығына қарай шұғылданады. Бө­лім­шенің екі ауысымда 150 арда­герді қабыл­дауға мүмкіндігі бар. Бүгінде жыл басынан бері Шымкент қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары 14 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызметің 15 түрі ғана болған, қазір оладың саны 33-ке жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапия, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шебер­ханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар. «Белсенді ұзақ өмір орталығы» мекемесі мамандарының мәлім­деуін­ше, бүгінде орталықта 715-ке жуық зейнеткер арнаулы әлеумет­тік қызмет түрін алып жатыр. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Айта кетейік, орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырса жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан аза­маттар қоғамдық, мәдени шара­лардан да тыс қалмай, оларды қо­ғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Одан бөлек, мұнда балалар үйінен бүлдіршіндер келіп, ата-әженің мейірімі мен қамқорын да сезіне алады.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ