Қымбатшылық жөнінен алда тұрмыз
Қымбатшылық жөнінен алда тұрмыз
398
оқылды
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі Еуразиялық  экономикалық одақ елдері арасында ең үлкен көрсет­кіш­ке ие болып отыр. 2020 жылдың қаңтарындағы жағ­дай бойынша тауарлар мен қызметке бағаның өсуі 5,6%-ды құраған. Бұл – ЕАЭО статистикасындағы ең жоғары өсім. Сонымен, Беларусьте тұтыну бағасы бір жыл ішінде 4,7%, Қырғыз Республикасында – 3,2%, Ресейде – 2,4%, Арменияда 0,2% қымбаттаған. ЕАЭО бо­йынша инфляция 2,8% болды. Азық-түлік тауарына келсек, 2020 жылдың қаңтарында Қазақ­станда баға 9,2%-ға көтерілген. Ал Қырғыз Республикасында көрсеткіш 5,6% болса, Беларусь­те – 4,1%, Ресейде – 2%. Бұл орай­да Арменияда азық-түлік керісінше 1,1%-ға арзандады. Сондай-ақ азық-түлік емес тауарлар құны жөнінен де Қазақ­стан одақта алғашқы орынды (5,2%) бермей келеді. Баға Бе­ларусьте 3,7% құраса, Ресейде – 2,5%, Арменияда – 1,7%, Қырғыз Республикасында 0,5% құрады. Бұған қоса, ақылы қызмет құны Қазақстанда бір жыл ішін­де 1,4%-ға қымбаттаса, Бела­русьте – 7,2%, Ресейде – 2,8%, Ар­мения­да – 1,2%, Қырғыз Рес­пуб­лика­­сында – 0,8% деңгейінде болды. Айта кетейік, былтыр инфля­ция көрсеткіші бойынша да Қа­зақстан 5,4%-бен  ЕАЭО-да ал­дың­­ғы орынға шыққан. Ол кезде көр­сеткіш Беларусьте – 4,7%, Қыр­ғыз Республикасында – 3,1%, Ресейде – 3%, Арменияда 0,7%-ды құрады.   Дастан ДУМАН