«Ағасына тұрмысқа шыққан»: Шымкентте баласын ұрып-соққан келіншектің екі баласы өліп, біреуі ауру болып шықты
«Ағасына тұрмысқа шыққан»: Шымкентте баласын ұрып-соққан келіншектің екі баласы өліп, біреуі ауру болып шықты
15,074
оқылды
Бүгін әлеуметтік желіде Арыс қаласының ауруханасында түсірілген видео тарады. Ауруханада жатқан Назерке есімді әйел палатада бірге жатқан тағы бір әйелдің адам шошырлық әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy
«Мына әйел ауру баласын ұрып-соғады, біздің «қой» дегенімізге мән бермейді, түнімен баласына айқайлап шықты. Бізді тыңдамаған соң, тығылып түсіруіме тура келді. Баласын адамдардың көзінше осылай ұратын болса, оны үйде қалай ұратынын кім білсін? Жуырда ғана осы бала жарақат алып, ауруханаға жатып шыққанын білдік», – деп жазған Назерке есімді желі қолданушысы.
Бұл мәселеге Шымкенттің полициясы мен қаладағы Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева назар аударған. Бала құқығы жөніндегі уәкілмен сөйлескен әйел «баламды байқамай ұрып жібердім» деп түсіндірген. Жаннетта Жазықбаева әйелге қатысты бірнеше маңызды фактілерді анықтаған. Біріншіден, әйел өзінің туысқан ағасына тұрмысқа шыққан. Олардың бес баласы болған: бірақ, екеуі қаза тапқан (себебі белгісіз). Ал, ең кіші баласы сал ауруына шалдыққан. Қазір келіншектің аяғы ауыр.
«Балаңды неге ұрдың?» деген сұрағыма, «байқамай қалдым» деп жауап берді. «Қалай байқамайсыз? Баланы әдейі қатты ұрғаныңды шапалақтың дауысынан байқауға болады» дегенімде, өкінетінін айтты. Телефонға жауап беру керек кезде, балам жылап, ұрдым дейді. Балалары мүгедек болып туған соң, әйел қамыққанын айтты. Қазір аяғы ауыр екен», – дейді жергілікті телеарнаға сұхбат берген Жаннетта Жазықбаева.
Тағы бір маңызды факт: бұл бала бір ай бұрын биіктен құлап, жарақат алып, ауруханаға жатып шыққан. Қазір өкпесіне суық тиіп ауырғандықтан ауруханаға түскен. Қазір уақытта аурухана әкімшілігі мен полиция осы фактіге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Назерке Джиенкулова (@jiyenkulova_nazerke)