Астанадағы қай көшеге ІІ Елизаветаның есімі берілетіні белгілі болды

Астанадағы қай көшеге ІІ Елизаветаның есімі берілетіні белгілі болды

Астанада қай көшеге ІІ Елизавета патшайымның аты берілетіні белгілі болды. Бұл жайында Астана әкімдігі өкілі II Елизавета есімі қай саябаққа берілетінін айтты. "Қабанбай батыр даңғылы бойында "Салтанат сарайы" кешені мен St. Regis Astana қонақүйі арасында атаусыз саябақ бар. Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігі оны Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II Елизаветаның құрметіне атауды ұсынады", - деді мәслихат отырысында Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Айтар болсақ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы ІІ Елизавета Уиндзор биылғы 8 қыркүйекте 97 жасқа қараған шағында қайтты. Оны жерлеу рәсімінде сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлыбританияның қазіргі патшасы ІІІ Карлға астанадағы бір көшені марқұмның атымен атамақ жоспары барын айтқан еді.