II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз казармадан өлі күйінде табылды
II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз казармадан өлі күйінде табылды
689
оқылды
Лондонда II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз өлі күйінде табылды,-  деп хабарлайды The Mirror басылымы. Сарбаздың туыстарының сөзінше, 18 жастағы Джек Бернелл-Уильямс 19 қыркүйекте қаралы күні табытты күзеткен, ал екі аптадан кейін өлі табылған. Сарбаздың денесі Гайд-парк казармасында жатқан. Полиция қызметкерлері сарбаздың өлімі күтпеген жағдай болғанын айтып отыр. Басылым мәліетінше, Джектің отбасы "ол ханшайымның ақтық сапарында табытын күзеткенін мақтан тұтқанын" жазады.