Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?
Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?
567
оқылды
Биыл 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 135,8 мың от­басындағы 699,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мақсатта бюджеттен 64,5 млрд теңге бө­лінгенін мәлімдеді. АӘК отбасының әрбір мүше­сіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік беріл­ген әлеуметтік топтамамен қам­тама­сыз ету бойынша жұмыс іс­телуде. 1 қарашада АӘК алушылар қа­тарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,4 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы тү­рін­де әлеуметтік топтама берілген. Биыл қаңтар айындағы төтенше жағдай режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанындағы АӘК ал­ған азаматтарға төлемдер 2022 жыл­дың 1 тоқсанына дейін авто­матты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа төлем алушыларға Элек­трон­ды үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді.

 М.ХАҚНАЗАР