19 қарашаға арналған ауа райы болжамы: бұрқасын, көктайғақ, тұман

19 қарашаға арналған ауа райы болжамы: бұрқасын, көктайғақ, тұман

"Қазгидромет" РМК 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз 19 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай облысының солтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.