Жел, тұман, көктайғақ - “Қазгидрометтің” 24 қазанға ауа райы болжамы
Жел, тұман, көктайғақ - “Қазгидрометтің” 24 қазанға ауа райы болжамы
292
оқылды
«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.