Алматы маңында екі рет жер сілкінді

Алматы маңында екі рет жер сілкінді

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СOMЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 18 қарашада Астана уақыты бойынша 17.30 және 17.44-те екі рет жер сілкінісін тіркеді. Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 625 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы – 9,7. MPV магнитудасы – 4,4. Жер сілкінісінің координаттары – 41,32° солтүстік, 84,03° – шығыс. Жерасты дүмпулерінің пайда болу тереңдігі 30 шақырымды құрайды. Қабылдау қабілеті туралы ақпарат жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша). Екінші жер сілкінісінің ошағы да Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 662 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. MPV магнитудасы – 4,8. Жер сілкінісінің координаттары – 41,12° солтүстік, 84,40° – шығыс. Тереңдігі – 20 шақырым. Қабылдау қабілеті туралы ақпарат жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша).