Wall Street Journal Facebook-тың ішкі құпиясын ашты
Wall Street Journal Facebook-тың ішкі құпиясын ашты
Meta FB қолданушылардың аккаунттарын бұзғаны үшін жиырмадан астам қызметкерлерін жұмыстан шығарды. Фото Getty Images агенттігінен алынды
Америкалық Wall Street Journal (WSJ) газеті 2022 жылы Meta корпорациясы FB қолданушылардың аккаунттарын бұзғаны үшін 20-дан астам қызметкерлері мен мердігерлерді жұмыстан шығарып, тәртіптік жаза қолданғанын жазды. Бұрынғы қызметкерлер бұл әрекеттері үшін хакерлерден пара алуы мүмкін, – дейді басылым. Бұл туралы Aikyn.kz  америкалық WSJ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_228119" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок2 Фото Getty Images агенттігінен алынды.[/caption]  
WSJ журналистік зерттеуінде жұмыстан босатылғандардың кейбірі қауіпсіздікке жауапты болған және оларға Oops («онлайн-операциялар») деп аталатын ішкі қауіпсіздік құралдарымен жұмыс істеуге рұқсат берілгені айтылған.
Құралдар қызметкерлерге, егер пайдаланушы құпия сөзін ұмытып қалса немесе тіркелгенін хакерлер басып алған болса, пайдаланушыларға тіркелулеріне қайта кіру үшін көмектесуге мүмкіндік береді. [caption id="attachment_228120" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Meta ішкі Oops жүйесін теріс пайдалануға байланысты тергеу жүргізуде. Фото Getty Images агенттігінен алынды.[/caption]
WSJ мәліметтері бойынша, тек 2020 жылы ғана Oops арнасы «үш жыл бұрынғы 22 000 тапсырмадан 50 270-ке жуық тапсырма» орындаған.