20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Түркістанда ұсталды
20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Түркістанда ұсталды
365
оқылды
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады. Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады.
"Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде екені белгілі болды. Нәтижесінде,  20 жылдан кейін аталмыш халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Түркістан облысы ПД полицейлері ұстады. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді", - деді Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.
Ер адам қамауға алынды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.