Қазақстанда еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру туралы" қаулыға қол қойды.

"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген қаулыда.
Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, ресми жариялануға тиіс.