"Әлихан Смайылов қанша алады?": министрлердің қазіргі жалақысы туралы айтылды
"Әлихан Смайылов қанша алады?": министрлердің қазіргі жалақысы туралы айтылды
Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы қанша екенін айтты, -  деп хабарлады Halyq Uni.
Жалақының көлемі еңбек өтілі мен кәсіби біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, министрлердің ең төменгі жалақысы – 500-600 мың теңге, ең жоғары жалақы еңбек өтіліне байланысты. Ол шамамен 1,7 млн теңгеге дейін барады, - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан шыққан соң.
Журналист Үкімет басшысының орынбасарына «Сіздің жалақыңыз – 1,5 млн теңге. Сіздің басшыңыз, Премьер-Министр Әлихан Смайылов қанша алады?», - деген сұрақ қойды.
Бұл сұрақты Әлихан Асханұлының баспасөз қызметіне қойыңыз. Мен сіздің жалақыңызға қызықпаймын ғой. Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтайын, - деді Ерұлан Жамаубаев.
БАҚ өкілі «Үкімет мүшелерінің ең жоғары жалақысы 1,7 млн теңге болса, Әлихан Смайыловтың жалақысы сондай ғой? Дұрыс па?», – деп сұрағын нақтылады. «Алатын шығар. Мен нақты айта алмаймын. Мен өз жалақымды айттым, тек өзіме жауап беремін», - деп Жамаубаев жауабын қысқа қайырды.