Қарақат Әбден президент сайлауында дауыс берді
Қарақат Әбден президент сайлауында дауыс берді
© azattyq-ruhy.kz
194
оқылды
Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден №135 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлады Azattyq Rýhy.
«Елдегі осындай демократиялық іс-шаралардан кейін жаңарған, Жаңа Қазақстан орнайды деп сенемін. Менің алдағы 7 жылға деген үмітім зор», – деді Қарақат Әбден дауыс беруден кейін.
Мемлекет басшысы лауазымына алты кандидаттың үшеуі дауыс берді: Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Қарақат Әбден. Айта кетейік, елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10 033 учаске және Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.