Сайлау бойынша заң бұзу деректері тіркелмеді – Бас прокуратура
Сайлау бойынша заң бұзу деректері тіркелмеді – Бас прокуратура
Фото: Радмир Фахрутдинов
Бас прокуратураның өкілі Азамат Сарғазин «Біздің ел – біздің таңдау» онлайн марафонында сайлау бойынша заң бұзу деректері тіркелмегенін айтты, – деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бүгін – прокуратура органдары үшін жұмыс күні. Барлық деңгейдегі прокурорлар президент сайлауын өткізудің заңдылығын қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Осы күні сайлау алдындағы үгіттеуге тыйым салынғанын еске саламын. Сондай-ақ бүгін кандидаттарды қолдап, дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын, сайлау және дауыс беруге қатысты сауалнамалар мен өзге зерттеулерді БАҚ-та жариялауға жол  берілмейді», – деді ол.
Серғазин атағандай, сауалнамалардың нәтижелерін 2022 жылғы 21 қарашадан бастап жарялауға рұқсат етіледі.
«ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңның бұл талаптарын сақтамау Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 102 және 120-баптары бойынша жауаптылыққа әкеледі.  Осы уақытқа дейін ондай фактілер тіркелген жоқ. Сайлауға қатысты өтініштер дереу қаралып, шешіледі. Дауыс беру сәтінен бастап прокуратура органдарына өтініш түскен жоқ. Сайлау науқаны құқықтық аяда өтіп жатыр. Сайлау процесінің заңдылығын жоғары қадағалау жүзеге асырылып жатыр», – деді Азамат Серғазин.