Енді төбелескім келмейді – Жалғас Жұмағұлов
Енді төбелескім келмейді – Жалғас Жұмағұлов
567
оқылды
Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram  парақшасында үндеу жасады.  
"Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? Ештеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым, барыңды салып сонша еңбектенесің... Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын",  – деді Жұмағұлов.
Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле-жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде, жеңіс қарсыласына бұйырды.