– Президенттік сайлау – кез келген елдің саяси өмірі үшін маңызды оқиға. Сондықтан оларды жүзеге асырудың ережелері мен нормалары Конституцияда және заңдарда бекітіледі. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді, сондай-ақ дауыстарды санауды Орталық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Жалпы, сайлау тетігі халықаралық деңгейде де, Қазақстанда да әлдеқашан пысықталған. Бүгінгі сайлау да өзгеше емес. Дауыс беру үдерісіне Орталық сайлау комиссиясы, мемлекеттік органдар мен азаматтар жауаптылықпен қарайды. Сайлауды ұйымдастыру жұмыстары халықаралық стандарттар мен заңнамалық нормаларға толығымен сәйкес жүргізілгенін атап өткен жөн.
2022 жылы президенттік сайлаулар Филиппин, Франция, Бразилия, Колумбия, Словения, Аустрия және басқа да елдерде өтті. Сайлау кезінде әр азаматтың дауысы маңызды. Мысалы, Франциядағы сайлауда Эмануэль Макрон 58,55% дауыс жинаса, оның қарсыласы Марин Ле Пен 41,45% дауыс жинады. Ал Бразилия президенті Лула да Сильва 50,9% дауыс жинап, қарсыласы Жаир Болсонарудан небәрі 1,8% ғана артықшылыққа ие болды. Жаһандық үрдіске сәйкес әрбір азаматтың дауысы маңызды болып отыр.
Уақыттылық сайлаушылар тарапының қолдауына да қатысты. Халық дер кезінде дұрыс және саналы таңдау жасау үшін елдің саяси өмірін мұқият қадағалауы қажет. Қазіргі сайлау циклі қазақстандықтардың сайлауға жауапты екенін көрсетіп отыр. Бұл президент сайлауына да, ауыл әкімдерінің сайлауына да қатысты ұстаным. Қазір Қазақстанның саяси мәдениеті трансформация мен жаңарудың маңызды кезеңінен өтіп жатыр деп сеніммен айтуға болады, – дейді Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.