Wikistrat Global Consultancy орталығының аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз бақылаушылар миссиясының АҚШ атынан мүшесі Уильям Вайц баспасөз конференциясына қатысып, сайлаудың алғашқы үш сағатта 6 учаскеде көрген әсерімен бөлісті. Ол таңертеңгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алматылықтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын ерекше атап өтті. «Сайлау учаскелерінде мен әртүрлі жастағы адамдарды көрдім, жастар да бар, қарт кісілер де бар. Ешқандай наразылық болған жоқ, мен өз көргеніме риза болдым», – деп атап өтті америкалық бақылаушы. Ричард Уильям Вайц бүгін Алматыда Франция мен Ресейден келген көптеген жергілікті және шетелдік бақылаушылармен кездескенін айтты. Сонымен қатар спикер Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайтынын байқағанын жасырмады. Екі елдегі сайлаудың басты айырмашылықтардың бірі осы болса керек деп атап өтті. "АҚШ-та сайлауда халқының жартысынан азы ғана дауыс береді. Сондай-ақ АҚШ-та бақылаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны тек сырттан бақылайды",– дейді Ричард Уильям. Айта кетейік, халықаралық бақылаушы бүгін кешке дейін мегаполистің әртүрлі бөлігінде орналасқан 20 сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отыр.