Майра Мұхамедқызы дауыс берушілерді әнімен қарсы алды
Майра Мұхамедқызы дауыс берушілерді әнімен қарсы алды
355
оқылды
Шымкент қаласы  опера және балет театрындағы №11 сайлау учаскесінде театр басшысы, опера әншісі  Майра Мұхамедқызы ұжымымен бірге  дауыс берушілерді әнмен қарсы алып жатыр. Ол бүгінгі күнді «үлкен саяси мереке» деп бағалайды. «Қазақ халқы қандай мерекені болса да әнімен,  сәнімен өткізген. Сондықтан біз өз театрымызда өткізіліп жатқан сайлау учаскесіне келіп жатқан тұрғындардың көңілін көтеріп, шабыттандыру үшін ән-күй сыйлап жатырмыз.  Бұл күнді елдіктің, ынтымақтың нышаны деп білемін. Әрбір қазақстандық өзінің және халқымыздың болашағына алаңдау, сол болашағымыздың жарқын болуына үлес қосу, белсенділік танытуы тиіс. Ол оның азаматтық парызы болуы тиіс. Бұл тарихи кезеңге біз де отбасымызбен келіп, үлес қосып, өз таңдауымызды жасадық»,– дейді Қазақстанның  еңбек сіңірген әртісі.