Әлеуметтік салаға айрықша мән беріліп отыр
Әлеуметтік салаға айрықша мән беріліп отыр
267
оқылды
Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша халық алдында есеп берді. Жиынға аудан-қалалардан келген тұр­ғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар, аға буын өкілдері қатысты. Кездесуде аудандар мен қа­ла­лардың бірқатар тұрғыны өз са­уал­дарын бейнебайланыс ар­­қылы қойды. Сауалдардың дені жол, мектеп пен аурухана, пер­­зентханалар салуға, көше­лер­­ді жарықтандыруға, Ертіс өзе­нінің жағалауын бекітуге, туризмді да­мытуға қатысты бол­ды. Өз есе­­­­бінде Даниал Ахме­тов об­лыс­тағы қоғамдық-сая­си ах­уал­дың тұрақтылығына тоқ­тал­­ды. Жалпы, өткен жылы барлық салада даму байқалды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 109, ауыл шаруашылығы өнім­дері 104, инвестициялар 123, құры­лыс жұмыстары 106 пайызға ар­тып, 27 мың жұмыс орны ашыл­­ған. Жалпы өңірлік өнім кө­­ле­мі 4 триллион теңгеге жетті. – Қабылданған шаралар ме­дициналық қызметтердің са­па­сын жақсартуға, диагнос­ти­ка мен емдеудің 130-дан ас­там жа­ңа әдісін енгізуге мүм­кін­дік берді. Қатерлі ісікті ерте ке­­зеңде анықтау 6 пайызға арт­ты, нә­ресте өлімі – 28, қан айна­лы­мы жүйесі аурулары – 7, өкпе ауруы 66 пайызға төмендеді. Биыл емханаларды жаңғыртуды жал­ғастырамыз, дәрігерлерді бас­па­намен, көтермеақымен қам­та­масыз етеміз. Бұл – денсаулық сақ­тау саласының сапасын әлде­қай­да жақсартады, – деді аймақ басшысы. Жүйелі жобалар білім сала­сын­да да іске асырылуда. Шығыс Қазақстан – «Менің мектебім» жобасы бойынша 648 мектепті IT-сыныптармен жабдықтаған бірден-бір өңір. «Бес әлеуметтік бастама» жо­­ба­сы аясында жоғары оқу орындары мен колледж сту­дент­­теріне арнап 4 048 орын­­дық 10 жатақхана салу көз­­­­дел­­ген. Қазірдің өзінде Се­мей­­­­дегі ме­дициналық және элек­тро­тех­­никалық колледж­дер­­де 700 орын­дық екі жатақха­на қол­да­нысқа берілген. Осы жы­лы мем­лекеттік-жекемен­шік се­ріктестік аясында колледж­дер­ге арналып 5 жатақхана салына бастайды. Өңірде көпбалалы, аз қам­тыл­ған отбасыларды қолдау ша­ра­ларының кешенді бағдарла­ма­­сы іске асырылуда. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне, білім, жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағ­дар­­­­­ла­маларды үйлестіру бас­қар­­­­маларына көпбалалы отба­сы­­­ларға уақытылы кепілді әлеу­­­­­меттік қолдау көрсетуді қа­­­дап тапсырды. Сондай-ақ ма­­­сыл­дыққа қарсы шараларды қол­­­ға алуды да жүктеді. Жалпы, тұрғындарды бас­па­намен қамту мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда үй құ­ры­­­­лысының көлемі екі есеге арт­пақ. Ол үшін 730 мың шар­шы метр үйлердің жобалық-сме­та­лық құжаттамасын әзірлеу бас­талды. Ағымдағы жылы 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Облыста туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, оған өңірдің табиғи ерекшелігі мен біре­гей тарихи-мәдени мұрасы мүм­кіндік береді. Соңғы үш жыл­­да Алакөл жағалауын абат­тан­дыру, инфрақұрылымын да­мыту үшін облыс қазынасынан 6,3 миллиард теңге бөлінді. Ал­да­ғы төрт жылда тағы 20 мил­­лиард теңгеге 6 ірі инфра­құ­ры­­­­лымдық жоба іске аспақ. Биыл Үржар әуежайын жаңарту, Ала­­көл жағалауына су құбырын, электр желісін тарту басталмақ. Осы жылдың ең маңызды оқиғасы – Абайдың 175 жыл­ды­ғы. Мерейтойға орай 184 іс-шара жоспарланған, оның 24-і – ха­лықаралық деңгейде. – Облыс жыл қорытындысы бо­йын­ша әлеуметтік саладағы жүйелі жо­ба­­ларды жалғастыра отырып, тұрақты эко­номикалық даму траекториясында қа­лып отыр, – деп түйіндеді өзінің есеп­­тік баяндамасын аймақ бас­шысы Даниал Ахметов.   Дәурен АЛЛАБЕРГЕН, Шығыс Қазақстан