Шет елдердегі учаскелік сайлау комиссиясының барлығы өз жұмысын аяқтады

Шет елдердегі учаскелік сайлау комиссиясының барлығы өз жұмысын аяқтады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын аяқтағанын хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау учаскелерінде 11 360 ҚР азаматы дауыс берген. Бұл дауыс берушілердің 88,47%-і. Еске салсақ, шет елдердегі ҚР мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған болатын.