ОСК жариялаған нәтиже біз көрген ахуалмен толық сәйкес келеді – ШЫҰ Бас хатшысы
ОСК жариялаған нәтиже біз көрген ахуалмен толық сәйкес келеді – ШЫҰ Бас хатшысы
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялағаннан кейін миссияның жұмысын қорытындылады. Бас хатшының айтуынша, 17-20 қараша аралығында ШЫҰ миссиясы Қазақстан Республикасының шақыруымен кезектен тыс президент сайлауында байқау мисссиясын атқарған. Делегация құрамына 7 мемлекеттен 18 байқаушы, ШЫҰ-ның хатшылық өкілдері, өңірлік құрылымдарының өкілдері кірген.
«ШЫҰ өкілдерінің байқауы Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында 22 учаскені қамтыды. Миссия мүшелері бюллетеньдер дайындау, дауыс беру жәшіктерін пломбалау процестеріне қатысты. Сондай-ақ, сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайлаушылармен, әлеуметтік байқаушылармен кең ауқымда ашық сұхбат құрдық. Осы процесс кезінде сайлау өткізуге дайындық тәртіппен, жақсы ұйымдастырылғанын тіркедік. Бәрі қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті. Екіншіден, бүкіл сайлаушылар үлкен белсенділік танытты», – деді Чжан Мин.
Сондай-ақ ол дауыс беруді іске асыруға арналған бүкіл жағдай жасалғанына да тоқталды.
«Егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі бар жандарға арнайы жағдай жасалды. Сайлау комиссияларының өкілдері дауыс берушілер қойған сұрақтарға өте толыққанды жауап беріп жатты. Сондай-ақ, байқаушылар тарапынан сұрақтарға түсініктеме берді. Мен бүкіл сайлау учаскесіне кірген кезде өз құжатымды көрсетуге тура келгенін атап өтуім керек. Сондықтан Қазақстан тарапы сайлау процесіне бақылау жүргізуге қажетті бүкіл жағдайды жасады деп айтуға болады. Сондай-ақ, аталған сайлаудың ашықтығы байқалып тұрды. Бұл қорытындылардың бәрін біздің миссия мүшелері жеке байқаулары негізінде шығарды. Ұлттық заңнаманың сайлау легитимділігіне күмән келтіретіндей бұзылуын біздің миссия тіркеген жоқ. Бізге ешқандай шағым немесе ескерту түскен жоқ. Жеке байқауымыз негізінде миссия өткен сайлауды ашық, сенімді әрі демократиялық деп таниды. Қазақстан президентінің сайлауы Қазақстандағы сайлау елдің өзі қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сай болды. 10 минут бұрын Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауға халықтың қатысу көрсеткішін жариялады. Бұл біз көрген ахуалмен толық сәйкеседі», – деді Чжан Мин.