Алып шаһардың мәселесі де ауқымды
Алып шаһардың мәселесі де ауқымды
327
оқылды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғын­дар­мен есептік кездесуі 3 200 орындық көпсалалы Halyk Arena орталығында өтті. Алдымен Алматының өткен жылғы әлеу­меттік-экономикалық дамуының негізгі көрсет­кіш­тері бейнероликте көрсетілді. 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» жоспары бар. Соңғы 10 жылда қаланың аумағы екі есе өскен. Бұл ретте жаңа ау­дан­­­дарды инфрақұрылыммен қам­­­тамасыз ету мәселесі күн тәр­­­­ті­бінде. Бұл тұрғындардың қала бас­шысына кезек-кезек қой­­­ған сұ­рақ­тарынан да аңғары­лып тұрды. Алып шаһарда жер тапшы. Әсі­ресе, қазіргі таңда шешімін та­буға тиіс мектеп, балабақша сияқ­ты әлеуметтік нысандарды салу жайы айтылғанда, осы мә­селе кө­­теріледі. «Мен осы қыз­мет­­ке кел­гелі қаламызда жол, мек­теп, ау­рухана, балабақша, ем­­хана салатын, сая­бақтар, бақ­­ша­­лар, қоғамдық демалыс ай­мақ­тарын құратын бос жер­лер­­дің жетіспейтінін бай­қа­дым. Сондықтан Орталық ал­дына проблемалық несиелер қоры кепілдігіндегі жерлерді қа­­­ла­­ның қарамағына беру мәсе­ле­­сін қойдым», – деді қала әкімі Б.Сағын­таев. Өткен жылдың 28 жел­тоқсанында Үкімет «Пробле­ма­лық кредиттер қоры» АҚ және «Kazkom Reality» ЖШС жерлерін Алматы қаласының коммуналдық мен­шігіне беру туралы шешім қа­был­дады. Нәтижесінде, 383,5 гектар жер қайтарылды. Бұл жер­лер қала үшін маңызды әлеу­мет­тік жобаларды іске асыру үшін жұм­­салады. Қалада әлі күнге үш ауысым­мен оқитын мектептер бар. Сы­нып­тарда бала санының тым көп болуы да мектеп тапшылығы сал­дарынан. Қала басшысы осы ол­қылықтың орнын толтыру мақ­­сатында мемлекеттік-жеке­мен­­­шік әріптестік аясында алдағы екі жылда 12 900 орынды 8 мектеп са­лынатынына тоқталды. Б.Сағынтаев экология мәсе­ле­­сінің маңызды екенін айта ке­­ліп, осы түйткілді шешу үшін «Сам­ұрық-Қазына» және «Самұ­рық-Энергомен» ке­ліс­­сөздер басталғанын жеткіз­ді. «Мамандар газға өту – тарифтердің өсуіне және субсидиялау қажет болаты­нын ескертуде. Егер қажет болса, тұр­­ғындар бюджетке қатысты үл­кен жүктемені сезінбеу үшін бюд­жет бұл салаға да беріледі. Адам­дардың денсаулығы маңыз­ды», – деді әкім. «Аталған мәсе­ле­ні шешу бойынша кешенді ша­ра­лар қолданылуда. Біз осылай қо­сым­ша қаржыландыруға қол жеткіздік және ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жұ­мысына кірісіп кеттік. Қазір тех­­никалық-экономикалық негіз­де­ме әзірленуде», – деді ол. Қала әкім­дігі Халық банкімен бір­ле­сіп, мегаполис тұрғындарын газ­­­бен қам­тамасыз ету үшін па­йыз­­сыз не­сие беру мүмкіндігі ту­ралы келі­сімге қол жеткізді. Қа­зіргі уақыт­та несие беру мер­зі­мі қарастырылуда. Өсімпұл­сыз несиені 1 жылға рәсім­деуге болады. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ