Астанада өрттен 3 адамды құтқарып, өзі көз жұмған өрт сөндірушінің соңғы видеосы жарияланды
Астанада өрттен 3 адамды құтқарып, өзі көз жұмған өрт сөндірушінің соңғы видеосы жарияланды
Фото: instagram.com/gulmir_ktk
1,300
оқылды
Астанада алапат өрттен 3 адамды құтқарып, комаға түсіп, ауруханада қайтыс болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің соңғы әсерлі видеосы жарияланды. Видеоны белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы сторисіне жүктеді. Видеода адамдарды өрттен аман алып қалған Асқарға әйелі тосынсый жасап жатыр. Онысы парашюттен секіруге арналған сертификат болып шыққан. Бірақ өрт сөндірушінің келіншегі сыйлық ерекше болсын деп, оны шұлыққа жасырып берген. Бұған Асқар аң-таң. «Парашютке сертификат па? Жаным, бұл расымен ерекше екен...», – дейді марқұм Асқар Забикулин видеода. Айта кетейік, 20 қарашада Асқар Забикулин ауруханада қайтыс болды. Оның артында жары мен 2 баласы қалды.