Бүгінгі таңда өркениеті өрлеген әлем елдеріндегідей, Қазақстанда да аңшылық – азық табудың жолы емес. Ол жануарлар әлемінің сақталуын және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді.
Аңшылықтың бұл түрінің қайнаған қазаны – Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы. Елімізде ұзын саны 600-ге жететін аңшылық шаруашылықтың 15-тен артық нысаны қызмет көрсетеді. Олар қандай аңның Қызыл кітапқа енгені, жойылу алдында тұрғаны, өсімі азая бастағанын белгілеп, реттеп отырады. Оған қоса, әр жануардың аулауға болатын кезеңі белгілі бір кезеңге белгіленіп отырады. Аңшылардың жиі нысанына ілінетіндері бөдене, орман кептері, сақалды шіл, үйрек, қырғауыл, кекілік, ұлар. Ал сүтқоректілердің ішінде көбіне ұстайтыны – қоян.
Негізі қоянның 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Соның ақ қоян, құм қоян, ор қоян деген үш түрі Қазақстанда кездеседі. Қояндардың ішіндегі ең кішісі – құм қоян. Дене тұрқы 38-53 см, салмағы 1,5-2,5 келі Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Ол Қазақстанның Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерде мекендейді.
Қызығы, қоянның бұл түрі ін қазбайды. Күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады. Жатқанда өзінің жүні ұйпаланбайды. Тағы бір артықшылығы, бұл қоян жел бағыты ауысқан сайын, ол да ауысып тұрады. Себебі бөтен дыбыстарды есту үшін басын желге қояды екен. Қорегін іздеуге негізінен ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 4 рет көбейеді, әр туғанда 3-7 көжектен табады. Көжектерінің үсті қалың жүн басқан болып келеді. Оның дене тұрқы – 11 см, салмағы 85-95 грамм болады.
Оның үстіне, соңғы кезде қоян өсіру барынша тиімді бизнеске айналды. Біріншіден, өсімтал. Екіншіден, тез көбейеді. Оған қоса, қоян терісінен тон, қалпақ, жаға, манто, жакет секілді көптеген киім тігіледі. Сондықтан Қазақстанда жылына 85 мың құм қоян терісін даярлайтын болған. Әрине, ел экономикасына үлес қосу маңызды. «Қолда бар алтынның қадірі болмайды» дегендей, барымызды сақтай білейік.
Барлық аңшылық әрекет, жануарларды әрдайым қоректендіру, бас санағын жүргізу, қорғау, тіршілігін бақылау шаралары арнайы белгілеген аймақтарда ғана жүргізеді. Қазақстан аумағында аңшылық нысандар қатарына құстың – 59 түрі, сүтқоректінің 34 түрі кіреді екен ал...
Е.МЫРЗАБЕК,Арыс-Қарақтау қорығының жануарлар әлемін қорғау жөніндегі инспекторы