Сауд Арабиясының королі әлем чемпионатында Аргентинаны жеңуіне орай елінде демалыс жариялады
Сауд Арабиясының королі әлем чемпионатында Аргентинаны жеңуіне орай елінде демалыс жариялады
542
оқылды
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың бірінші матчында Аргентинаны ұтқанына орай 23 қарашаны демалыс күні деп жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. С тобында сынға түсетін Сауд Арабиясы алғашқы ойында Аргентина құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Араб футболшылары өз тарихында тұңғыш рет Аргентинаны жеңді. Бұған дейін екі құрама төрт мәрте кездесті. Екеуінде Аргентина басым түссе, екеуінде есеп тең аяқталды. 1988 жылы 6 шілдеде 2:2, 2012 жылы 14 қарашада 0:0 есебімен тең түсті. Ал Аргентина 1988 жылы 16 шілдеде 3:1, 1992 жылы 20 қазанда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі матчта 26 қарашада Сауд Арабиясы құрамасы Польша құрамасымен ойнайды. Ал соңғы турда – Мексикамен.