Фуат Сатыбаев Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Фуат Сатыбаев Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
203
оқылды
Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Фуат Сатыбаев.
Жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады. Еске сала кетсек, биыл 9 қарашада ОСК отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданған болатын. Фуат Сатыбаев Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.