Әлем чемпионаты: Испания Коста-Рика құрамасын ойсырата жеңді

Әлем чемпионаты: Испания Коста-Рика құрамасын ойсырата жеңді

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Е тобында Испания мен Коста-Рика құрамалары кездесті.

Матчта Еуропаның үш дүркін чемпионы атанған Испания фаворит болды.

Испандықтар алғашқы жарты сағатта-ақ ойын тағдырын шешіп тастады. Алдымен 11-минутта Гавиден пас алған Дани Ольмо есеп ашты.

Арада 10 минут өткенде, Марко Асенсио допты тоқтатпастан теуіп, қақпа бұрышын дәл көздеді. 31-минутта Ферран Торрес 11 метрлік пенальтиден мүлт кеткен жоқ – 3:0.

Екінші кезеңде 54-минутта Ф.Торрес екінші голын соқты. 74-минутта Гави есепті 5:0-ге жеткізді. 90-минутта Карлос Солер мергендік танытса, сәлден кейін Альваро Мората гол соқты – 7:0.

Осылайша, Е тобында Испания 3 ұпаймен көш бастады. Үш ұпайы бар Жапония екінші орында. 27 қараша күні Жапония – Коста-Рика, Испания – Германия құрамалары өзара кездеседі.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.