Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемеге жауап берді
Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемеге жауап берді
Фото: видеодан алынды
1,005
оқылды
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы елдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесіне жауап берді. Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан Ресейдің «Россия 1» мемлекеттік телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» саяси ток-шоуында айтылған Қазақстанға қатысты мәлімдеме Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады. Журналист ресми жауапты өзінің Телеграм арнасында жариялаған.
...Бұл саясаттанушылардың пікірі  үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ, - деді Песков.
Дмитрий Песковтың айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ. Айта кетейік, Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.