Қор нарығында доллар 3,13 теңгеге қымбаттады
Қор нарығында доллар 3,13 теңгеге қымбаттады
Фото: yakutsk.ru
398
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,13 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465, 95 теңге. Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 65 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464,5 теңге, сатып алу – 467,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,7 теңге. Ресей рублі 7,34 -7, 39 теңге аралығында саудаланып жатыр.