Қытай билігі бір тәулікте 31 мыңнан астам адамға коронавирус жұққанын мәлімдеді
Қытай билігі бір тәулікте 31 мыңнан астам адамға коронавирус жұққанын мәлімдеді
Бұл туралы ТАСС агенттігі Қытайдың денсаулық сақтау және тазалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап жазды. Вирус жұқтырғаны анықталған адамдардың 87 пайызында ауру белгісі байқалмаған. 23 қарашада Қытайда бір науқас COVID-19-дан қайтыс болған. Елде коронавирустан өлгендер 5 232-ге жетті. Бұған дейін COVID-19-дың таралуына қатысты ең жоғары көрсеткіш 14 сәуірде тіркелген. Сол күні 29 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған.