Геннадий Шиповских «Ел бірлігі» TikTok house қатысушыларымен кездесті
Геннадий Шиповских «Ел бірлігі» TikTok house қатысушыларымен кездесті
389
оқылды
 Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских «Ел бірлігі» TikTok house қатысушыларымен кездесті. Кездесу барысында  Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских TikTok  бүгінде үлкен ақпараттық платформаға айналғанын атап өтті. Сондай-ақ жастарға қазіргі қоғамдағы бірліктің құндылығы мен қазақ тілінің рөлі түсіндірілді. Депутат жастарға бұл жобада жемісті жұмыс, позитивті және жарқын әсерлер алуды тіледі. – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ел бірлігі» TikTok house қатысушы жастарымен кездесіп, олармен сұхбаттасып, біраз әңгімелестік. Түрлі сұрақтарына жауап беріп, жақсы пікір алмастық. Қазақстан халқы Ассамблеясы және РММ қоғамдық келісім жасаған жоба шын мәнінде өте қызықты. Өз басым  жастардың жастық жалынына қатты әсерлендім. Әдемі кездесуден аларым көп болды, – дейді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских. Естеріңізге салсақ, Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Ел бірлігі» ТikTok house  жобасы бастау алды. «Қоғамдық келісім» РММ бастамасымен қолға алынған жоба биылғы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады. Ел бірлігі Жобаның мақсаты – жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогті дамытуға, қазақстандық этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейнеконтент жасауға бағытталған бірегей алаң құру. Яғни,  TikTok house – бұл блогерлер ортақ мазмұнды қысқа бейнероликтер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша TikTok беттеріне орналастыратын арнайы алаң. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200 жас, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады. Бір-бірімен бәсекелесетін қатысушылар 3 үйде орналастырылған. Жұма сайын, аптаның соңында бейнероликтері ең көп қаралған 4 қатысушы марапатталады. Жоба барысында инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа форматтарын пайдалана отырып, арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы қатысушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру көзделген. Бұл мақсатта, яғни қазақ тілін оқыту үшін кәсіби спикерлер шақырылып, олар өз кейстерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен бірге  қатысушылар заманауи видео мен фото түсіру саласын жетік меңгеруі үшін шеберлік сабағын өткізетін SMM мамандарды, фотографтар мен мобилографтарды шақыру жоспарланып отыр.