Зеленский Киев Ресей бақылауындағы аумақтарды Ресейдің жері ретінде ешқашан мойындамайтынын атап өтті.
АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО-ға мүше болуды ұсынған – Зеленский
259
оқылды

краина президенті Владимир Зеленский АҚШ өкілдері Донбастан шығу мәселесін НАТО-ға мүшелікпен байланыстырып, алғаш рет сұрақ қойғанын мәлімдеді.

«Мен бірнеше рет айттым: Украина өз жерінен шегінбейді және оны ешкімге бермейді. Америкалықтар: "Егер Украина НАТО-ға кірсе, Донбастан шыға ма?" деп сұрады. Бұл мәселе алғаш рет көтерілді», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, егер АҚШ пен НАТО-дағы басқа серіктестер нақты қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынса, бұл мәселені Украина қоғамының талқылауына шығарады. Алайда Зеленский Киев Ресей бақылауындағы аумақтарды Ресейдің жері ретінде ешқашан мойындамайтынын атап өтті.

Украина басшысы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін НАТО-ның 5-бабына ұқсас кепілдіктер қажет екенін жеткізді.