Берлинде Kazakh Cinema стенді көпшілік назарына ұсынылды
Берлинде Kazakh Cinema стенді көпшілік назарына ұсынылды
246
оқылды
Германияның астанасы Берлинде басталған мерейтойлық 70-кинофестивальде Kazakh Cinema Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының стенді алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. 2020 жыл әлемнің ең көне кинобайқауларының бірі үшін мерейтойлық жыл болды, сонымен қатар Берлинде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, биыл фестиваль алғаш рет соңғы 18 жыл бойы  жыл Берлиналенің бас директоры қызметін атқарып келген Дитер Коссликтің қатысуынсыз өтеді. Оның лауазымы  осы  алаңның 70 жылдық тарихындағы алғашқы әйел-директор болып отырған Мариетте Риссенбекке бұйырды. Байқаудың көркемдік жетекшісі лауазымын бұрын Локарнодағы кинофестивальдің бас директоры қызметін атқарған Карло Шатриан иеленді. Өкінішке қарай, биылғы жылы қазақстандық көрсетілімдер фестивальдің ресми бағдарламаларының ешқайсысында ұсынылмады. Алайда, біздің төрт отандасымыз жас кинематографистерге арналған әртүрлі білім беру секцияларына Қазақстан атынан қатысатын болады. Атап айтқанда, продюсер Юлия Ким мен композитор Ақмарал Зықаева (Мерген) Berlinale Talents бағдарламасына қатысатын болса,  режиссер Ольга Коротько Script station секциясына іріктеліп, кастинг директор Надин Цой ең ірі бейіндік ұйым болып табылатын Халықаралық кастинг-директорлар қауымдастығына кірді.  width= Биыл байқаудың негізгі бағдарламасында Вадим Перельманның  «Парсы сабақтары» картинасының ұсынылғаны – есте қаларлық жайт, бұл  режиссер "Тень звезды" («Жұлдыздың көлеңкесі») жобасымен өткізілген «Халықаралық қосалқы өнім» секциясында Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының екінші питчингі финалистерінің қатарына кірген. 2013 жылы қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің "Үйлесімділік сабақтары" картинасы Берлин кинофестивалінің негізгі байқауында ұсынылып, көрнекті көркем жетістіктері үшін "Күміс аю" белгісін алғанын естеріңізге сала кетейік (лауреаты, картинаны қоюшы-оператор Азиз Жамбакиев болған). Биыл Берлиналеде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының стенді жұмыс істей бастайды. Киноорталығымыз үшін Берлин кино алаңы қазақстандық кинематографты құрылымдық тұрғыда ілгерілете бастайтын алғашқы халықаралық оқиға болмақ. Сонымен қатар жуырда отандық киноны танымал ететін маңызды  кинооқиғалар Канн, Лос-Анджелес, Торонто және Пусан кино нарықтарында болады.  width= Берлиндегі басты мақсатымыз Қазақстан киносында бүгін не болып жатқанын көрсету.  Себебі, отандық кино саласындағы маңызы аса зор болып отырған өзекті өзгерістердің үлкен қызығушылық  тудыратыны сөзсіз.